Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қайсар" футбол командасының жаңа құрамы таныстырылды

"Қайсар" футбол командасының жаңа құрамы таныстырылды

Қызылордада «Қайсар» футбол командасының таныстырылымы болып өтті. Осыдан жарты ғасыр бұрын Сыр жерінде алғаш рет кәсіби футбол командасы құрылған болатын. Осы жылдар ішінде «Автомобилист» атауымен басталған «Қайсар» бүгінде жанкүйерлерінің жүрегінен ерекше орын алып отыр. Аймақ басшысы спорт жанкүйерлерін жаңа маусымның басталуымен құттықтап, спортшыларға үлкен сенім білдірді. «Биылғы маусымда «Қайсардың» намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылмақ. Өйткені, биыл Қызылорда футболы жарты ғасырлық мерейтойын мерейлі жылда атап өтеді.
Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы басталып кетті. Осы айтулы датада ойыншыларымыз бізге үлкен сый жасайды деген үміттеміз», - деді облыс әкімі.
Өткен маусымда «Қайсар» командасы өз міндетін жақсы орындап, чемпионатта 6-шы орынды иеленген болатын.
«Биылғы жылғы басты міндет - өткен жылғы көрсеткіштерді жақсарту. Облыстың бас командасы кем дегенде бесінші орынды алу керек. Өткен маусымда қасқырлар намысын қорғауда жерлесіміз Мақсат Байжановтың еңбегі зор болды. Биылғы маусымда қос бірдей жерлесіміз- Асхат Тағыберген мен Дәуренбек Тәжімбетов туған елге оралды. Қызылордалықтардың «Қайсарда» ойын көрсетуі жанкүйерлер үшін де, жас футболшылар үшін де маңызды деп білемін», - деді аймақ басшысы.
Шара барысында «Қайсар» футбол командасы жаңа киім үлгілері де таныстырылды.
07 наурыз 2018 ж. 1 295 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031