Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін әлем чемпионатында Қазақстанның 10 боксшысы шаршы алаңға шығады

Бүгін әлем чемпионатында Қазақстанның 10 боксшысы шаршы алаңға шығады

Жеңіске жеткендерінің кемі қоржынында қола жүлде болады.Бүгін бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдың жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Алғаш рет әлем біріншілігінің ширек финалында Қазақстанның 10 боксшысы жұдырықтасады. Жеңіске жеткендерінің кемі қоржынында қола жүлде болады.
Күндізгі сессияда ең жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов (48 келі) өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовпен жолығады. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы осы чемпионаттағы өзара төртінші кездесу. Жекпе-жектің басталу уақыты— 18-00.
Одан кейін Махмұд Сабырхан (54 келі) бразилиялық Майкл Тринидадтың әуселесін байқап көрмек. Жекпе-жектің басталу уақыты — 18:30.
Ал Саматәлі Төлтаев (60 келі) Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы Софиан Умихамен (Франция) шеберлік байқасады.
Жекпе-жектің басталу уақыты — 18:45.
Ұлттық құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) моңғол боксшысы Чинзориг Баатрусухпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Жекпе-жектің басталу уақыты — 19:30.
Күндізгі сессияда соңғы болып, Нұрқанат Райыс (75 келі) шығады. Оның қарсыласы — Салватор Кавалерро (Италия). Жекпе-жектің басталу уақыты — 19:45.
Кешкі сессияда алдымен Сәкен Бибосынов (51 келі)рингке көтеріледі. Ол Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері колумибиялық Юберхен Мартинеспен кездеседі. Жекпе-жектің басталу уақыты — 23:00.
Серік Теміржанов (57 келі) ресейліу Эдуард Савинмен жолығады. Жекпе-жектің басталу уақыты — 23:20.
Санатәлі Төлтаевтың (63,5) ширек финалдағы қарсыласы — Рис Линч (Шотландия).Жекпе-жектің басталу уақыты — 00:00.
Асланбек Шымбергенов (71 келі) 19 жастағы украиналық Юрий Захариевпен кездеседі. Жекпе-жектің басталу уақыты — 00:15.
Қазақстан боксшыларынан соңғы болып, рингке Нұрбек Оралбай (80 келі) шығады. Ол жергілікті боксшы Владимир Мирончиковпен (Сербия) жолығады. — Жекпе-жектің басталу уақыты — 00:45.
Ширек финалға Қазақстаннан 10, Ресейден 8, Өзбекстан, Куба мен АҚШ-тан 6 боксшы өтті.
02 қараша 2021 ж. 546 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930