Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азиада-2018: Боксшылар жүлдесіз қайтты

Азиада-2018: Боксшылар жүлдесіз қайтты

  Қазақстандық боксшылар Азат Махметов пен Саматәлі Төлтаев Азия ойындарының ширек финалында қарсыластарына жол беріп, жарысты жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
  vesti.kz сайтының мәліметіне қарағанда, 52 кг-ға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Азат Махметов 2:3 есебімен Ладон Рогенге есе жіберді. Жартылай финалға шыққан филиппиндік боксшы жүлделі орынға ілікті. Қандай жүлде болатыны алдағы кездесулеріне байланысты. Осыған дейін Ладон 2015 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. 2015 және 2017 жылдары өткен Азия чемпионаттарында күміс және қола алған.
  27 жастағы Азат Махметов Азия ойындарына алғаш рет қатысты. Бірінші жекпе-жегінде 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері кәріс Ким Инкті жеңген еді.
  60 кг-ға дейінгі салмақта Саматәлі Төлтаев қытайлық боксшы Юнь Шаннан жеңілді. Төрешілер қарсыласы 5:0 есебімен айқын жеңіске жеткені жайлы нәтиже шығарды.
  Қазақстан құрамасы сапында осыған дейін Қайрат Ералиев те тай боксшысына жол беріп, Азия ойындарын жүлдесіз аяқтаған болатын.
  69 кг салмақ дәрежесінде жарысқа қатысып жатқан Асланбек Шымбергеновширек финалда қырғыз Абдурахман Абдурахмановты жеңіп, жартылай финалға шықты.

Baq.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 205 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031