Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшы Тұрсынбай Құлахмет - Азия чемпионатының жеңімпазы

Боксшы Тұрсынбай Құлахмет - Азия чемпионатының жеңімпазы

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз болды.

75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз финалда үндістандық Ашиш Кумармен бас жүлдені сарапқа салды.

Аса тартысты өткен жекпе-жекте Т.Құлахмет айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Айта кетейік, жартылай финалда Тұрсынбай Құлахмет түрікменстандық Нұрсахат Паззыевты бар-жоғы 20 секундта ұтып, финалға шыққан болатын. Міне, бүгін де өз шеберлігін дәлелдей алды.

Бүгін 4 боксшымыз «алтын» үшін сынға түсетінін бұған дейін хабарлаған едік. Алғашқы болып өнер көрсеткен 60 келі салмақтағы Зәкір Сафиуллин монғолиялық Цендбаатар Эрденебатпен қолғап түйістірді. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан монғолиялық боксшыны жеңімпаз таныды. Осылайша, қазақстандық спортшы «күмісті» қанағат етті.

Алда 81 келі салмақтағы Бек Нұрмағанбеттің Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтің өзбекстандық Баходир Жалоловпен жекпе-жегі бар.
26 сәуір 2019 ж. 1 412 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 127

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031