Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық стенд атушылар Қазақстан кубогынан 13 жүлдені иеленді!

Қызылордалық стенд атушылар Қазақстан кубогынан 13 жүлдені иеленді!

Қызылордалық спортшылар стенд атудан өткен ҚР кубогының бірінші кезеңінде табысты өнер көрсетті. Шымкент қаласында стенд атудан өткен дүбірлі бәсекеде жерлестеріміз 13 жүлдені жеңіп алды.
Микс-трап түрі бойынша Әлішер Айсалбаев пен Виолетта Ягодарова Кубок жеңімпазы атанса, трап скиттен Рамазан Серікбай мен Светлана Пенькова қола жүлдені иеленді.
Дубль-траптан Айжан Досмағамбетова, Максим Коломоец алтын, Виолетта Ягодарова, Максим Зорин қола жүлделерге ие болды.
Скит бойынша Светлана Пенькова екінші орынды алса, траптан Айжан Досмағамбетова бірінші, Әлішер Айсалбаев екінші, Виолетта Ягодарова үшінші орындарды еншіледі. Сондай-ақ, спортинг бойынша Азамат Жалғасбек қола жүлдегер атанды.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінде және олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Максим Коломоец дайындады.
Спортшылар енді 26 наурыз – 2 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
13 наурыз 2018 ж. 1 595 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031