Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық спортшылар 19 медаль алды

Қызылордалық спортшылар 19 медаль алды

Шымкент қаласында әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
Еліміздің барлық өңірінен 160 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жерлестеріміз барлығы 19 медальға ие болса, оның 5-уі алтын, 5-уі күміс, 9-ы қола медаль.
Атап айтсақ, Мұхтархан Нұрашов, Расул Утеуов, Бағдат Орынбеков, Эльдар Ұзақбаев, Сырым Совет жеңіс тұғырына көтерілді.Бержан Жолдасов, Мейірхан Құрманғалиев, Самат Тлеулиев, Алишер Алдибаев, Нұржан Садықов күміс жүлделерге ие болды.
Арслан Мендулаев, Медилхан Нұрашов, Ернұр Зинали, Рамазан Булекбаев, Аслан Абзалов, Азамат Кумаров, Думан Құдайберген, Нұралы Кемалов, Бекзат Талапов қола жүлдегерлер атанды.
Жеңіске жеткен спортшылар тамыз айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Енді облыстың жастар қрамасы сәуір айында Ақтауда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалуда.
Спортшыларды жарысқа Жармаханов Нұрбек, Насыр Оңғарсын, Сауытбаев Фараби дайындады.
17 наурыз 2021 ж. 3 468 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930