Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Головкин-Шеремета жекпе-жегі тартысты өтті деп айтуға келмейді. 1 және 2-раундта-ақ Геннадийдің ауыр соққысынан Камил нокдаун алып қалды.
Ал үшінші раундта Головкин шабуыл қарқынын төмендетіп, қарсыласының жұдырықтасуына мүмкіндік бергендей көрінді. Төртінші және жетінші раундтарда Польша боксшысы ауыр соққы алып, төреші есеп ашты. Ал 8-раунд басталар алдында Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты.
Осылайша, Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Еске салсақ, бұл жекпе-жекте IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы сарапқа салынды. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Камил Шереметамен жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында бірқатар сұраққа жауап беріп өзінің спорттағы арманы туралы айтты.
19 желтоқсан 2020 ж. 2 940 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 136

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 193

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930