Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кім нокаутқа түседі – Головкиннің жекпе-жегіне болжам жасалды

Кім нокаутқа түседі – Головкиннің жекпе-жегіне болжам жасалды

Proboxing-Fans.com журналисі Пол Мейсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегіне болжам жасады.

"Головкин өзінің жұлдызды карьерасының соңғы кезеңінде тұрса да, алдағы уақытта ірі жекпе-жектер өткізуге ниет білдіріп отыр және ол бұл жоспарларды Шереметаның бұзуына жол бермеуі керек. Головкинді әбігерге түсіруге немесе оның әдеттегідей қарқынмен жұдырықтасуына жол бермеуге поляктың күші жетпейді, сондықтан мен мұнда GGG-дің нокаутынан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Жекпе-жек төртінші раундқа қарай аяқталуы мүмкін, ал кездесудің ортасына қарай бітетіні анық", - деп жазды автор.Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның айқасы 19 желтоқсанда өтеді. Жекпе-жекті Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан көруге болады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 07:00-де басталады. 

17 желтоқсан 2020 ж. 2 261 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 98

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930