Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин жеңіске жетті

Геннадий Головкин жеңіске жетті

  Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  Бірінші раундта екі боксшы да бір-бірін зерттеп бақты. Геннадий Головкин бірінші нөмірмен бокстасты. Ал Стив Роллс шегініп жүріп, жұдырық сермеді. Арасында жылдам қимылмен Генаны соққының астына алуға тырысты. Кейбір сериялы соққылары діттеген жеріне жетті. Головкин джебпен ұрып жүріп, төртінші раундта сол қолмен ұрған екі бірдей xукпен Роллсты нокаутқа түсірді Осылайша, орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокстағы 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтады.
09 маусым 2019 ж. 1 384 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30