Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин жарақат алып қалды

Геннадий Головкин жарақат алып қалды

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жарақатына байланысты жекпе-жек уақытын кейінге шегермек. Бұл туралы ESPN басылымына сілтеме жасап Vesti.kz сайты хабарлады.
Головкин мен оның командасы IBF ұйымына жекпе-жекті кейінге шегеру жайында өтініш білдірген. Егер қанағаттандырылатын болса, міндетті қарсылас саналған поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) болатын шаршы алаңдағы шайқас мамыр немесе маусым айына ауыстырылуы бек мүмкін.
Бастапқыда Геннадий Головкин ақпан айында жекпе-жекке шығады деп күтілген. Кейіннен наурызға шегерілді. Одан кейінгі ақпараттар бойынша 11 сәуір күні өтуі мүмкін деп болжанған еді.
Қазақстандық боксшы жіліншігінен жарақат алған. Қашан толық айығатыны әзірге белгісіз.
Геннадий Головкин IBF чемпиондық атағын 5 қазан күні Нью-Йоркте Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жекте жеңіп алған еді.
20 ақпан 2020 ж. 1 152 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031