Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем футболының ортаға оралуы

Әлем футболының ортаға оралуы

Карантин уақытында әлемдегі футболдың толықтай тоқтауы спортсүйерлер қауымы үшін оңайға соқпағаны рас. Үкімет басындағылар үйден шықпауды, көпшілік жерге бармауды сұрағанда бізге жасыл алаңда доп қуған жұлдыздар ойынының көрсетілімінсіз мүмкін ­еместей көрінген.

Алайда атағы жарты әлемге таралған “Ювентус” сапындағы Пауло Дибала, Блез Матуиди сияқты бірқатар аяқдопшылар індет жұқтырғандықтан оның соншалықты қауіпті екенін теледидар алдындағы көрермендер де жақсы түсінді. Бірақ қазіргі таңда әлем елдеріндегі жұқпалы ауру ахуалы қалыпқа түсіп келеді. Соның арқасында өндіріс ошақтарынан бөлек, сүйікті футбол да жандана бастады.
Бәрінен бұрын Германиядағы бундеслига қайта оралды. Бұл пандемиядан кейін ойынды жалғастыруды дұрыс деп шешкен алғашқы лига екенін естеріңізге саламыз. Өткен аптада 26-турдың сегізінші, тоғызыншы кездесулері сәттілікке толы. Стадионға көрермен кіргізуге тыйым салынғандықтан аренада қолдау көрсетер тірі жан болмады. Десек те ойыншылардың кәнігі ісіне оралғанындағы қуанышын байқау қиынға соқпады.
Коронавирус инфекциясынан қатты зардап шеккен жұқтырушы елдердің бірі – Италия. Мұндағы жағдай қазір тұрақталып келеді. Алайда бұл көп нәрсені шешпейді. Сарапшылардың жорамалына сүйеніп, Серия А-ның үздік командалары маусымды 13-ші маусым күні қайта жалғауға дауыс бергені белгілі. Осы сәтте әлемге әйгілі Криштиану Роналду ойнайтын лига спортшыларынан тест сынамалары алынып, жаттығу жасауға рұқсат берілді. Бүгін-ертең жергілікті билік ресми мәлімдеме жасап, нақты күнін айтуы тиіс. Дегенмен індеттің екінші толқыны күтілетіндіктен, спортшылар мен медицина қызметкерлері арасында келіспеушілік орын алған. Соның бірі тоғыз клуб футболшылары араларынан науқас бір адам табылса, жаппай карантинге оқшауланудан бас тартып отыр. Соған қарағанда Серия А-ның ауылы алыс секілді.
Испаниядағы футбол да 12 маусымнан бастап байырғы ізіне түседі. Осы айдың 12 жұлдызынан бастап Лионель Месси бастаған жоғарғы деңгейдегі лига саңлақтары жаттығу жұмыстарына кірісіп кеткен. Турнир кестесінде Мадридтік Реал Барселона командасының ізін қуып келеді. Биыл чемпиондар лигасында былтырғы үздік ойыншының клубы “Барса келместің” күйін кешкелі тұрғаны жасырын емес. Сол сияқты Реал ойыншылары да ешкімге реніш білдіре алмайды. Екі үздік те алдағы уақытта ішкі лигаға көбірек көңіл бөлетіні түсінікті.
Шын мықтылар жиылған ағылшын премьер-лигасы да келесі айдың аяғына жақын көрермендер көзайымына айналмақ. Нақтырақ айтсақ, ойыншылар 18 мамыр күні жаттығу алаңына шығып, тура бір айдан соң коронавирустан кейінгі алғашқы матчтарын өткізген. Бірақ қазірдің өзінде біріншіліктің тағдыры шешіліп тұр деуге толық негіз бар. Өйткені Юрген Клоптың тізгініндегі Ливерпуль командасы 82 ұпаймен алға ұзап кеткен. Тіпті әлеуметтік желіде «Індеттен сақтану үшін «Ливерпуль» секілді арақашықтықты сақта» деген әзіл әңгіме тараған.
Франция лигасы – коронавирус пандемияға ұласқан сәтте ойынды тоқтатқан алғашқы біріншілік. Алдын ала шешім бойынша Лига 1-дің жеңімпазы ретінде “ПСЖ” командасы мойындалып, чемпиондар лигасына жолдама берілді. Сонымен бірге мұндай мүмкіндік “Марсель” мен “Реннге” де бұйырды. “Лилль” мен “Реймс” командалары Еувропа біріншілігінде өнер көрсететін болады. Бірақ бірқатар командалар турнирдің бұлай аяқталғанына наразы. Сол себепті федерациямен соттасатындарын айтты.
Отандық футбол сүйер қауым үшін қазақстандық пермер-лига осы айдың аяғында немесе әрі кеткенде 7 маусымда қайта оралуы мүмкін. Дегенмен бұл карантин режимінің толық алынып тасталуына байланысты. Қазіргі таңда спортшылар турнирге қызу дайындықты бастап кеткен.
Бұдан бөлек көрермен делебесін қоздыратын ірі біріншілік чемпиондар лигасы мен Еуропа үздігін анықтайтын лига қашан басталатыны да белгілі.
Еуропа лигасы 2-3 тамызда қайта жалғасады деп жоспарлануда. Ал Чемпиондар лигасы 7-8 тамызда оралады. Алдын ала белгілі болғандай ойындар араға үш күн салынып, өткізіледі. УЕФА Чемпиондар лигасының финалын 29 тамызда ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
26 мамыр 2020 ж. 615 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930