Үйде отырып үйрен...
Елде төтенше жағдай орнауына байланысты билік басындағылар халықты үйде отыруға шақыруда. Бұл індеттің одан әрі таралуына тосқауыл қоятын бірден-бір амал екенін ескерсек, тәртіпке құлақ аспауға болмайды. Бір қарағанда карантин режимі белсенді өмір салтындағы адамдар үшін «үйқамақпен» тең секілді. Алайда үйде оқшауланудың тиімді тұстары да жетерлік. Ендеше әлі қанша уақытқа созылатыны белгісіз беймәлім шақты қандай іспен айналысып өткізген дұрыс. Біз осы туралы ізденіп көрдік.
Бәрінен бұрын халықты үрей билеген кезде денсаулыққа баса көңіл бөлген дұрыс. Өйткені ауру жұқтыру тәуекелі кез келген адамға тән. Денсаулық кепілі – дұрыс тамақтануда екенін ескерсек, өзіңізді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Бірақ бұл сөзіміз сауда орындарына барып, сөрелерді «тазалап» кетуге шақырмайды. Керісінше, жағдай бұдан да ауыр бола қалған жағдайда тауар сататын дүкендер бәрібір жұмыс істейтінін ойға оралтып, азық-түлікті қажеттілікке сай алуды естеріңізге салады. Бұл оның сақталу мерзімі, сапасына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар семіздіктің алдын алады. Өйткені статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қор сақтайтын адамдар тек қалаған асын жейтіндерге қарағанда 9 келі артық салмаққа ие екен. Сол себепті диетологтар тәулігіне 2 мың калориядан артық тағам тұтынбауға кеңес береді.
Күн жылынып келе жатқандықтан дене сымбатына да көңіл бөлген жөн. Ол үшін ғаламтордан өзіңізге ыңғайлы сабақ кестесін тауып, жаттығу залындағы темір-терсекке балама бола алатын үй шаруашылық заттарын жинақтауға болады. Аптаның үш күнін дененің үш бөлігіне арнасаңыз, бір айдын ішінде ілгері нәтижені оңай байқайсыз. Әйел адамдар үшін youtube.com хостингінен акробатика жаттығуларын көріп, онымен айналысуға тамаша мүмкіндік бар. Әрине жаттығуға үй шаруасын аяқтағаннан кейін кіріскен құба-құп.
Аталған істерден артылған уақытты білім алуға жұмсасаңыз өзіңізге деген құрмет арта түсетіні сөзсіз. Кейбір адамдар үшін бұл да іш пыстырарлық секілді көрінуі мүмкін. Алайда алғашқы кітабын дұрыс таңдай білгендер одан кейінгі «ақылшының» бетін парақтауға ерінбейтіні дәлелденген. Бұл үшін ұялы телефоныңыздағы «playmarket» немесе «appstore» қосымшасынан «FBReader», «Moon+Reader» немесе «Cool Reader» бағдарламаларының бірін жүктеп аласыз. Содан кейін сол қосымшалардан немес ғаламтордан көңіліңіз қалаған кез келген кітаптың электронды форматын жүктеп, оқи беріңіз. Бұл заманауи технологияның бізге беріп отырған тамаша мүмкіндігі. Енді оны тиімді пайдалану ғана жетіспей тұр.
Бұдан да жалығар болсаңыз, әлемде орын алған ахуалға байланысты көптеген ақылы сайттар тегін қызметке көшкенін ойға оралтыңыз. Әсіресе үйде отырған оқушылар, білімін одан әрі жетілдіргісі келетін ұстаздар қауымы үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Індет еңсерілгеннен кейін де өмір бар. Сондықтан 10-15 минуттық онлайн сабаққа тоқмейлісімей, карантин біткен күні бұл сайттар қайтадан ақша сұрайтынын ескеріп, озық білімді алуға асығыңыз.
Ағылшын тілін меңгеру үшін puzzle-english.com мамыр айының басына дейін, қолданушылары көп edu.skyeng.ru сайты оқушылар үшін сәуірдің 24-іне дейін тегін білім береді. Бұдан бөлек ақылы онлайн кинотеатрлар әлем қауіпсіздігін ойлап, үйден шықпай отырғандарға ақысыз кино көрсетеді. Ол үшін www.kinopoi.sk/0mqd сілтемесін басып, «POKAVSEDOMA» промокодын енгізуіңіз шарт. Сол сияқты more.tv сайтына тіркеліп, «SIDIMDOMA» деп жазсаңыз жаңадан шыққан кинотуындыларды тегін тамашалауға мүмкіндік аласыз.
Әлемдегі өркениеттерге, басқа ұлттың мәдениеті туралы ізденуден ләззат алатындарға да мүмкіндік қарастырылған. Дүниедегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай, ең көп қонақ қабылдайтын музейдің бірі – Эрмитажға bit.ly/33nCpQg сілтемесі арқылы онлайн сапар шегуге болады. Ал Францияның ұлттық мұражайын тамашалау үшін ғаламтордан www.louvre.fr/en/media-en-ligne іздесеңіз жеткілікті.
Ғаламтор мен әлемжеліде бұдан басқа да көптеген қызықтар, пайдалы іске шақыратын контенттер толып тұр. Бастысы – жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында пайда болған бос уақытты үйден тыс жерге жұмсау дұрыс еместігін еске саламыз. Сіздің үйде отырғаныңыз елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге үлкен мүмкіндік берерін бір сәт ұмыт қалдырмай, мамандар кеңесіне құлақ салып жүрейік.

Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ