Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Gee Bee» халықаралық турнирі: Қазақстандық боксшылар 6 медаль жеңіп алды

«Gee Bee» халықаралық турнирі: Қазақстандық боксшылар 6 медаль жеңіп алды

Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан өткен «Gee Bee» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар 6 медаль (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) жеңіп алды, деп хабарлайды www.inform.kz.
Бүгін халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері толығымен анықталды.
«Алтынды» 91 келі салмақта ел намысын қорғаған Тоғамбай Сағындық жеңіп алды.
Ал күміс медальға 3 боксшымыз қол жеткізді. Олар - Қайрат Ералиев (57 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрлан Сапарбай (91 келіден жоғары).
Қола жүлдені Ділмұрат Мижитов (63 келі) пен Бек Нұрмағанбет (81 келі) жеңіп алды.
Айта кетейік, аталған додада Қазақстанмен қатар, Финляндия, Өзбекстан, Швеция, Франция, Ресей, Украина, Армения, Германия, Моңғолия, Ауғанстан, Уэльс, Нидерланды, Сербия, Эстония және Латвия боксшылары қолғап түйістірді.
09 наурыз 2020 ж. 875 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031