Шынайы қамқорлықты сезіндік
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ұстаздар қауымын елең еткізді.
Тағылымы мол құжатта барлық саланы қамтитын және үздіксіз дамуды қамтамасыз ететін жаңғыру жолы нақпа-нақ айқындалған. Ондағы әрбір тарауға зер сала отырып, болашағымыздың баянды боларына қуанып, көңіліміз көкке жеткендей күй кештік.
Жолдаудың басты міндеті –Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономиканың жаңа моделін құру. Еліміздің орнықты дамуы, адамдардың өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға байланысты жоспарлар аз емес. Біз Елбасының алға қойған жаңа міндеттерін атқаруға дайынбыз.
Маған ерекше ұнағаны – “Педагогтардың мәртебесі” туралы заң қабылдау жөніндегі бастама. Бұны ұстаздар қауымына көрсетіліп жатқан шынайы қамқорлық ретінде жоғары бағалаймын. ХХІ ғасыр –білім ғасыры. Олай болса, елімізді өркендету үшін қабілетті жастар керек. Ал олардың жақсы оқып, білім мен ғылымды меңгеруіне ықпал етіп, тағылымды тәрбие беретін мұғалім. Сондықтан да ұстаз беделі мен абыройын көтеруді күн тәртібінен түсірмеген дұрыс.
Білім – баға жетпес байлық. Бізге, білім саласының қызметкерлері үшін Жолдауда айтылған мәселелер аса маңызды. Президент Жолдауы барша педагогтарды жігерлендіріп, қызметке деген құлшынысты арттыра түсеріне сенім мол.
Гүлшаһар ӘЙМІШОВА,
№266 мектеп-лицейдің қосымша білім беру маманы