Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституцияны жатқа білетін 3 студент грантқа ие болды

Конституцияны жатқа білетін 3 студент грантқа ие болды

Енді олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде бір жыл тегін оқиды.

Атырауда “Жүректен жүрекке” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Конституцияны жатқа білемін!” атты байқау өтті. Ол биыл төртінші рет өткізіліп отыр.
Білім сайысын ашқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев Конституцияның елдегі ішкі тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын белгілейтін бірден-бір құжат екенін айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар онлайн-тест сынағында құқықтық сауатын сарапқа салды. Сыннан сүрінбей өткен 7 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды. Келесі кезеңде қатысушылар көрсетілген бапты түгел жатқа айтып шықты.
Байқау қорытындысы бойынша 3 студент: Нұрдәулет Бағытжан, Гүлнұр Галиева мен Назерке Нұрмұқанова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1 жылдық оқу грантына ие болды.
baribar.kz
06 қыркүйек 2018 ж. 1 104 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 122

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031