Қазалыда облыстық Құран жарысы өтті
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданының Басықара ауылында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша облыстық сайыс өтті.
Астана қаласының 20 жылдық, Қызылорда қаласының 200 жылдық құрметіне және Басықара бабаны еске алуға орай өткізілген жарыста облыс көлеміндегі мешіт шәкірттері қатысты.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, аймағымыздағы мешіт имамдары мен ұстаздарымыз жамағаттың Құран жаттауға деген қызығушылықтарын арттырып, елімізге белгілі қарилар шығару мақсатында облыс, қала, аудан, мешіт көлемінде шәкірттер арасында үлкенді-кішілі сайыстарды жиі ұйымдастыруға ден қойған.
2018 жылдың ішінде осымен төртінші рет өткізіліп отырған облыстық Құран жарысында 33 қатысушы «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:
Құранның 30-шы парасын жатқа оқу бойынша
І-орын - Мұхаммедқали Қайрат (70 000 тг);
ІІ-орын - Таңбышов Айдос (50 000 тг);
ІІІ-орын - Мұхаммеджанұлы Бақытжан (30 000 тг).
Құранды мәнерлеп оқу бойынша
І-орын - Сүйіндіков Әбілхайыр (20 000 тг);
ІІ-орын - Нәби Нұрдәулет (15 000 тг);
ІІІ-орын - Абдрахманов Ансар (10 000 тг) жеңімпаз деп танылып, арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі