Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қазақ тілінің тарихы тым тереңнен тамыр тартатыны бәрімізге белгілі. Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшіп, 40-шы жылдарға дейін қолданыста болған еді. Қырқыншы жылдардан бастап бүгінге дейін кириллицаға негізделген әліпбиді қолданып келдік.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері латын әліпбиіне көшу мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Бұл заңды да. Себебі, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазатынымыз. Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз – қорқақ, қол – батыр», - деп дана халқымыз айтқандай екі қолды сыбанып, нық қадаммен алға басауға қызу қолдау көрсетейік.
Елбасымыз күні кеше латын әліпбиінің өзгертілген жаңа нұсқасын бекітіп берді. Енді 2025 жылға дейін төл тілімізді төрімізге шығарып, межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін барлығымыз жұмыла кірісуіміз қажет.
Нұрбибі ӘШІР,
«Қазақ тілі» Қазалы ауданы бойынша қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
22 ақпан 2018 ж. 1 512 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 83

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 143

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031