Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Ресей Президенті Владимир Путинді және барша ресейліктерді ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды www.inform.kz.
«Ресей Федерациясы өзінің жаңа тарихында осы атаулы күнді халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдарға, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы өзара тиімді және әділ ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі беделді держава ретінде атап өтеді. Сіздің стратегиялық бағытыңызды қатаң ұстана отырып, Ресей мемлекеттік құрылымның сан ғасырлық дәстүрін табысты арттырып, қоғамдық өмірдің барлық саласын дәйекті түрде жаңғыртып келеді « делінген жеделхатта.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті ресейліктердің патриотизм мен бірлікке бейілдігі, Отандарына деген мақтаныш сезімі мен жарқын болашаққа деген нық сенімі Ресей мемлекетінің тұрақты дамуына және әл-ауқатының артуына кепіл болатынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысты және одақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдірді.
12 маусым 2020 ж. 97 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031