Жемқорлықпен күрес күшейтіледі
Елде сыбайлас жемқорлық фактілері жиі орын алатынын жасырын емес. Теріс әрекетке жататын қылық жасаушы мемлекеттік қызметкерлер аудандағы мекемелерде де бар. Олардың бұндай әрекеттеріне заң бойынша тәртіптік шара көру маңызды. Өйткені аталған жағдай қылмыстың өтеуі жаза болатынын білмейтіндерге сабақ болып, оның алдын алуға көмектеседі. Осы және өзге де мәселелер төңірегінде жұма күні аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиын басталмас бұрын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев комиссия құрамымен таныстырып, отырыста қозғалатын тақырыптарға тоқталды. Мемлекет басшысының сыбайлас жерқорлықпен күресті күшейтуге баса ден қойып отырғанын тілге тиек етіп, ендігі уақытта мекемеде орын алған жемқорлыққа байланысты жағдайға оның бірінші басшысы да жауапқа тартылатынын айтты. Аталған отырыс осындай олқылықтың орын алуына жол бермеуді көздейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ комиссия құрамына жаңадан қабылданған облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсеповті таныстырды.
Алдымен кент әкімі Қайрақбай Орынбасаров Әйтеке би кенті аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар туралы хабарлама жасады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру аясында өткен жылы қолға алынған кешенді шараларды сөз етті.– Былтыр кент әкімдігіне қарасты мекемелерде “Ақмешіт – адалдық алаңымен” бірлескен көптеген жиын өтті. Бұл бірнеше кезең мен бөлімдерден тұрды. Халық көп шоғырланатын аумақтарда акция ұйымдастырылып, қоғам індетіне қарсы мәдениет қалыптастыруды насихаттайтын үнпарақтар таратылды. Сонымен бірге кент әкімшілігі құрамындағы мекеме қызметкерлеріне мүдделер қақтығысына болысқаны үшін немесе сыбайластық сипаты бар теріс қылық жасаған тұлғаның әрекеті көпшілік алдына әшкереленетіні ескертіліп, жұмыстан шығаруға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі ескертілді, – деді ол. Хабарламадан кейін аудан басшысы кент әкімшілігіндегі төрт қызметкердің теріс қылық жасағанынан хабардар екенін білдіріп, қандай шара қолданылғанын сұрады. Сәйкесінше Қайрақбай Жақсыбайұлы олардың жауапкершілікке тартылғанын, алдағы уақытта бұндай келеңсіздіктің орын алмауына бар күшін салатынын жеткізді.
Бұдан кейін Мұрат Нәлхожаұлы азаматтарды мемлекеттік қызметкерлерге сенімділігін арттыру бағытында жасалған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Әсіресе соңғы уақытта мемлекеттік қызметті электронды түрде алған тұрғындардың саны артқан. Өткен жылы әкімдік тарапынан көрсетілетін 99 қызметті 50 мыңнан аса тұрғын пайдаланған. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік қызметтер сапасы жайында аудан әкімдігі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторинг бөлімінің басшысы Қуантқан Сәдуақас баяндады.
Бөлім басшысы тұрғындардың мемлекеттік қызмет алуға қолжетімділігін арттыру бағытында бастамалар қолға алынғанына тоқталды. Сондай-ақ оның сапасын арттыру мен халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын жетілдіру жағы да назардан тыс қалмаған.
– Жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін ағымдағы жылы мекемелер үйі ғимаратында Open Space бөлмесі ашылды. Онда тұрғындармен жиі байланысатын бірқатар бөлім мамандары ашық түрде келушілерді қабылдап, сұрақтарына жауап береді. Бұндай жобалар жемқорлық фактілерін азайтары сөзсіз.
Өткен жылы мемлекеттік мекемелер ішінде 8 мерзім бұзушылық анықталды. Тиісті өтінімдерді көрсетілген мезгілде қарамаған оқиғаның бірі жер бөлімінде орын алса, қалғаны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тиесілі. Бұл 2018 жылға көрсеткішке қарағанда төрт есеге артқан.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерге ішкі бақылау жүргізіліп келеді. Бұндай шара өткен жылы ауылдық округтер мен кент әкімдігінде жасалып, көптеген кемшіліктер анықталды. Биыл бұндай бақылау 77 мекемеге жүргізіледі деп жоспарлануда. Алдағы уақытта мұндай теріс әрекетке жиі жол берген мекемелер мен оның қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады, – деді бөлім басшысы.
Былтырғы аталған бағытта атқарылған жұмыстармен танысқан аудан басшысы ішкі және сыртқы бақылау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарға мән берді. Өткен жылы бұндай жағдай жер қатынастар бөлімінде көбірек орын алған. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы мен ауылшаруашылық бөлімінде де заң бұзғандар кездескен. Ал бір ғана №25 мектепте аталған сипатта орын алған 27 оқиға комиссия мүшелерінің таңданасын туғызды. Бұндай әрекеттерге алдағы уақытта жол берілмеуі керектігі қатаң тапсырылды.
Мәжіліс барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаев сөз алып, соңғы бірнеше айда ел аумағында анықталған сыбайлас жемқорлық фактілер жайында баяндады. Қылмыс жасаушылардың қалай әшкере болғанын, олардың қандай жазаға тартылғанын ашып айтты. Бұл басқа мемлекеттік қызметкерлерге сабақ болуы тиістігін ескертіп, алдағы уақытта жергілікті бөлім басшылары облыс аумағында орналасқан түрмелерге барып, ондағы жағдайды өз көзімен көретіндерін мәлімдеді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ