Мемлекеттiк қызметкердiң имиджiн қалыптастыру
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік – экономикалық, мәдени және саяси дамуында айқын жетістіктерге қол жеткізді.
Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру ісінде көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсібилілігіне шарттастырылған. Осы сұрақтың маңызды қадамы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi қоғамдық процестердi реттеуге, мемлекеттiң бiртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерiн iске асыруға бейiмделген.
Мемлекеттiк қызмет үшiн беделдiң, яғни имидждiң қызметтiк және мәртебелiк маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшi және қоғамның басқарушылық қызметтiң, мемлекет жүргiзiп жатқан өзгерiстердiң тиiмдiлiгiне берген бағасының критерийi болып табылады. Ол мемлекеттiк органдар әрекеттерiнiң нақты әлеуметтiк топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үмiттерiне сәйкестiк дәрежесiн белгiлейдi. Сондықтан бедел азаматтардың мемлекеттiк органдарға қатысты мiнез-құлқын едәуiр негiздей отырып, қоғамның мемлекеттiк қызметтi және оны реформалау бағдарламасын қолдау деңгейiн анықтайды. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру аталған әлеуметтiк институттың тиiмдi қызмет етуiнiң және дамуының, сондай-ақ мемлекеттiк орган қызметi мен мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi шарты болып табылады.
Қазiргi уақытта мемлекеттiк қызмет беделiн арттыру қажеттiгiне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.
Бедел, яғни имидж (ағылшын тiлiнiң image сөзiнен) — тұлғалардың белгiлi бiр тобына эмоционалды-психологиялық ықпал етуге бейiмделген мақсатты қалыптастырылатын бейне, образ (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесi).
Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру — күрделi әрi көп уақытты алатын үрдiс.
Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiн қалыптастыру үрдiсiнiң өзi атқарушы билiктiң беделдiк саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттiк қызметшiнiң оң беделiне қойылатын негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп Кодексiнде белгiленген.
Сонымен, мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiк, моральдiк-этикалық бейнесiне ерекше талаптар қояды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi — мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттiк қызметшiнiң өзi жоғары моралдiк жауапкершiлiк, кәсiптiк бiлiм, оны тәжiрибеде қолдана бiлу, әдiлдiк, адалдық, белсендi өмiрлiк позиция, патриоттық сезiм сияқты қасиеттерге ие болып, мемлекеттiк қызметшiнiң моралдiк бейнесi болуы тиiс.
Тәртiптiк терiс қылық жасағаны, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп Кодексiн бұзғаны үшiн, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңының 44-бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiге мынадай жазалаулар: ескерту, сөгiс, қатаң сөгiс, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.
Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс.
Ақылбек ҚАЗЫБЕКОВ,
Қазалы аудандық сотының бас маманы,
Заңгерлер Одағының мүшесі.