Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығыстың шынары

Шығыстың шынары

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық муз­ейін­де Кеңес Одағының батыры Әлия Молда­ғұл­ованың ерлігіне арналған «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы өтті. Шараға келген қонақтар «Ұлы Жеңіс – ел мен ердің жеңісі» атты жылжымалы көрмені тамашалады. Онда Әлия Молдағұлованың әр жылдардағы фотосуреттері, оқу үлгерімі туралы табель, туысы Сапураға жазған хаттары, Әлия туралы жазылған кітаптар және соғыс жылдары тұтынған заттар қойылды. Көрмені музейдің зал қараушысы Төлеш Тұрғанқызы таныстырды.

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет ол – екінші дүниежүзілік соғыс. Тарих беттерінде әлем халқының 80 проценті соғысқа қатысқандығы жазылады. Майданға 61 мемлекет тартылып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды. Қаншама адам қолына қару алып, ұрыс даласында от пен оқтың ортасында жаумен алысты. Солардың қатарында ел-жұртын ерлігімен тәнті еткен, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова да бар болатын.

Әлия Нұрмұхамбетқызы 1925 жы­­лы Ақтөбе облысы, Қоб­да ауданының Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған. 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі орта мектепте оқиды. Оқуда озат және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Қазір артектегі батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты қаһармандармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына көшірілген Вятское орта мектебінен 7 сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай өз еркімен жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 жылы снайперлер дайындайтын орталық әйелдер мектебін аяқтайды. Осыдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылғы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Оған 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қазақтың қайсар қызын жырға қосқан жас ақындарға Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейінің қызметкері Айнагүл Оразова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазалы ауданының құрметті азаматы Шарафадин Алтынбайұлы және республикалық, облыстық, аудандық мүшәйралардың жүлдегері, ақын Ақжол Түменбай қазылық жасады.

Қорытындысында Назия Нұр­қасым бас жүлдені жеңіп алды. Назерке Сәдірбай бірінші, Нұрила Тас­тыбай, Диас Ілияс екінші, Дильназ Мнаж және Әсел Молдаш үшінші орын иеленді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
09 мамыр 2019 ж. 2 842 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930