Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Көрмеге келіңіз

Көрмеге келіңіз

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей, өңіраралық өзара әріптестікті нығайту мақсатында Ақтөбе облыстық Ә.Молдағұлованың мемориалдық музейі және Ақтөбе облыстық өнер музейімен Қазалы аудандық Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі арасында келісім жасалды. Келісімде, екі өлкенің мәдениеті мен өнерін насихаттау және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу үшін әріптестік байланыс орнату жоспарланды.
Осы орайда үстіміздегі жылдың 11 сәуірі күні Ақтөбе қаласында «Шығыстың жарық жұлдызы» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы Өнер музейінде Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі туралы келушілерге насихатталуда. Сондай-ақ, Шығыстың шынары атанған Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін насихаттайтын және Ақтөбелік қылқалам шеберлерінің туындыларынан жинақталған «Ұлы даланың рухани мұрасы» атты жылжымалы көрме Қазалы ауданына әкелінді. Қазір жылжымалы көрме Қазалы қалалық мәдениет үйінің фоесіне орналастырылды. Көрмемектеп оқушылары мен қала тұрғындарына, колледж студенттеріне насихатталынуда. Сізде келіп көрмені көріп, тамашалаңыз.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
23 сәуір 2018 ж. 2 124 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031