Жас келіншектің атынан ұятсыз парақша ашып, бопсалаған кім екені белгілі болды
Өзінің атынан ұятсыз парақшалар ашылғанын айтып, жанайқайын жеткізген 23 жастағы отбасылы келіншекті кім бопсалауы мүмкін екені анықталды. Бұл туралы КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.
Бұған дейін Лаура Оңғар белгісіз адамның салдарынан өмірі тас-талқан болғанын айтқан еді.
Себебі оның атынан әлдекімдерп ұятсыз парақшалар ашып, отбасылы әйелді желіде жезөкше ретінде танытқысы келген. Бұл жағдай осыдан екі жыл бұрын отау құрған келіншектің күйеуімен арақатынасына кері әсерін тигізген.
"Басында қатты әсер етті. Екеуміз көп ұрыстық ол жайында. Мен көбінесе ол кісін кінәләдым. Сосын, қазір ол кісін кінәләуді қойдым. Кінә одан деп ойламаймын" , - деді ару.
Басы дауға қалған келіншектің анасы бұл оқиғаға қатысты пікірімен бөлісті. Ол күйеубаласы туралы бар ойын ортаға салды.
"Күйеу балама бірден хабарластым. Оған қызымды сеніп тапсырғанда, артынан мұндай әңгімелердің ергенін айттым. Ол өз кезегінде, ондай қызды танымайтынын, Лаурадан басқа ешкіммен сөйлеспегенін алға тартты. Маған сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы екенін айтты. Ол әлгі адамды мүлде жоқ тұлға екенін жеткізді" , - деді Лаураның анасы.
Оған қоса, Лаура Оңғарға жақында тағы да бір түсініксіз хабарлама түскен. Онда бейтаныс қыз бұл істің артында Шерхан мен оның Инабат есімді қарындасы бар екенін жазған.
Бағдарлама барысында журналистер мен құзырлы орган бірлесе жұмыс істеп, IP мекен-жай арқылы хабарламаларды таратып, ұятсыз парақшаларды ашқан күдіктінің кім болуы мүмкін екені анықталды.
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде, күдікті Түркістан қаласында екені айтылды.
Жас отбасын бұзғысы келіп жүрген адам туралы толыққанды ақпарат тікелей эфирде жария етілген жоқ. Алайда, оның аты-жөні мен оған қатысты мәліметтер Лаураның қолына тиді.
Бір қызығы, отбасылы келіншек өзін бопсалап жүрген адамды мүлде танымайтын болып шықты.