Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вахтадан қайтқан мұнайшылар жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды

Вахтадан қайтқан мұнайшылар жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды

Кеше Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында үш адамның өлімі орын алды. Оқиға "Жанажол-Северная трува" мұнай мекемесінің аумағында Ащысай ауылында болған. Аталған мекеменің жұмысшылары вахтадан қайтып келе жатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"18 наурыз күні таңғы сағат 8:00 шамасында Мұғалжар ауданында адам өлімімен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Күзет қызметінің "Паз" автобусы мен "Урал" су тасу көлігі түйіскен. Автобус жургізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қалған 9 жолаушы мен "Урал" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ал дәрігер ауруханаға түскен 10 адамның біреуі ауыр жағдайда екенін мәлімдеді.

Қазір Қеңқияқ ауруханасында 10 адам жатыр. Жарақаттары әртүрлі. Бір адамның жарақаты ауыр, ауруханаға ес-түссіз жағдайда жеткізілді. Ауданнан мобилді жылжымалы бригада кетті. Құрамында невропатолог, хирург, реаниматолог, ренгенолог, травматолог бар. Қазіргі уақытта түскен адамдардың денсаулығы тексеріліп, жарақаттары анықталып жатыр.

Он адам бір уақытта түскен соң барлық медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Ауруханаға жеткізілгендердің қатарында Мұғалжар, Ойыл, Алға, Темір ауданының тұрғындары бар. Вахтадан қайтып келе жатқан адамдар болу керек",-дейді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.
19 наурыз 2019 ж. 2 424 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 52

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 52

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 48

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 38

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 143

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930