Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың коммуналдық қарыздарын төлеп берді

Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың коммуналдық қарыздарын төлеп берді

Ақтөбе қалалық мәслихатының бір топ депутаты көпбалалы ана Гүлназира Смағұлаваның жағдайымен танысты.

Алты балалы ана жатақхананың тар бөлмесінде тұрып жатыр. Бесіктегі баласын үйінде қалдырып, базарда еден жуушы болып жұмыс жасайды.

Келіншек 47 мың теңге жалақы мен 10 мың теңге жәрдемақы алады.

«Бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқан көпбалалы ананың үйіне бардық. Тұрмысқа қажетті техника, кілем, азық-түлік жеткізілді. Бөлменің есігін ашқанда үйге қатты жел келеді екен. Бесікте бір жасқа толған бала жатыр. Сол себепті кіре берісіне шағын дәліз орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпбалалы ананың коммуналдық қарыздары да жиналып қалған екен. Барлық коммуналдық қарыздары төленді. Отбасына әрі қарай көмектесетін боламыз», - дейді қалалық мәслихатының баспасөз қызметі.
15 ақпан 2019 ж. 1 053 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031