Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойда жоқта балықтан жүкті болып қалған қыздың құпиясы ашылды

Ойда жоқта балықтан жүкті болып қалған қыздың құпиясы ашылды

Филиппин аралдарында жергілікті тұрғындар бойжеткеннің балықтан жүкті болып қалғанын жариялады.

GMA News порталының мәліметінше, бойжеткен аналық бездің сарысулы ісігінен зардап шегеді, деп жазады Stan.kz.

Мұндай жағдай Албай провинциясындағы Бакакай муниципалитетінде орын алды. 17 жастағы Кимберлидің 7 ай ішінде іші өсіп, 10 келі салмақ қосқан. Бойжеткен өзінің жүкті емес екенін айтуда. Ал өзін айыптаған ата-анасына ешқашан жігіті болмағанын айтып ақталды.

Жергілікті тұрғындары Кимберли дәстүрлі тыйымды бұзды деп күдіктеніп отыр. Оған сәйкес, қыздар етеккір кезінде және ол аяқталғаннан 5 күн өткенше өзенге және мұхитқа түсе алмайды. Жергілікті халықтың наным-сеніміне сәйкес, қыздар мұндай әрекет салдарынан түрлі ауруға шалдығуы немесе жыртқыш балықтарға жем болуы мүмкін.

Артынша ата-анасы қызын УДЗ тексерісінен өтуге алып барған. Оның нәтижесі Кимберлидің аналық бездің сарысулы ісігінен зардап шегетінін көрсетті. Алайда жергілікті тұрғындар УДЗ суретінен балықтың басын байқап, өз болжамдарының дұрыстығына одан сайын сенімді бола түскен.

Өз кезегінде дәрігерлер бұл жағдайдың төңірегінде өрбіген өсек-аяңды тоқтату үшін, балықтардың адам организмінде, оның үстіне жатырында өмір сүре алмайтынын көпшілікке мәлімдеді.

Ендігі Кимберлидің отбасы сарысулы ісікті алып тастау үшін отаға ақша жинап жатыр.
06 желтоқсан 2018 ж. 2 205 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031