Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық азамат бір бүйрегін әйеліне берді

Қызылордалық азамат бір бүйрегін әйеліне берді

Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрбек Нұраддин өзінің әйеліне донор болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Бұл азаматтың сүйікті жары екі жылдан астам уақыт бері бүйрек ауруының зардабын тартып келген. Еліміздің көптеген дәрігерлеріне қаралып, дертіне шипа іздегенімен ем қонбаған. Нәтижесінде дәрігерлер бүйрек ауыстыру қажет екенін айтып, донор іздеген. «Менің әйелімнің екі бүйрегі де жұмыс жасамай қалды. Тек дәрі-дәрмектің күшімен жүрді. Мамандар менің ағзамды зерттеді. Бүйрегім ауыстыруға жарайтынын білгенімде қатты қуандым. Қазір денсаулығым жақсы. Ешқандай ауырлық сезінген жоқпын. Аллаға шүкір, ота сәтті өтті. Ең бастысы, өмірлік жарымның жағдайы түзеліп келеді», - дейді Нұрбек Нұраддин. 
Қазір қызылордалық азаматтың әйелі Алматы қаласындағы кардиология және ғылыми зерттеу институтында емін жалғастырып жатыр, дәрігерлердің бақылауында. Дәметтің Нұраддинге деген ризашылығы зор. 
«Біз Нұраддин екеуміздің отасқанымызға 25 жыл болды, 3 бала тәрбиелеп отырмыз. Маған донор болуға келіскені үшін алғысым шексіз. Барлық жағынан оның ағзасы маған сәйкес келді», - дейді қызылордалық келіншек. 
Бүгінде Нұрбек Нұраддин ауруханадан шығарылған. Жақын күндерде әйелі де Қызылордаға қайтуды жоспарлап отыр. «Ота шамамен бес сағатқа созылды. Екі кісінің қан тобы мен ДНК-сы бір біріне толықтай сәйкес келді. Соның арқасында бүйректі ауыстыру мүмкін болды. Әдетте, науқастың туыстары донор болып жатады. Бұл үлкен сәттілік болды», - дейді Алматы қалалық кардиология және ғылыми зерттеу институтының трансплантология бөлімінің меңгерушісі Әкімжан Заиналов.  
01 маусым 2018 ж. 1 195 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930