Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенеден келетін кеселдің алғашқы күдікті жағдайы анықталды

Кенеден келетін кеселдің алғашқы күдікті жағдайы анықталды

Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша күдікті жағдай тіркелді. Бұл - биылдыққа анықталып отырған бірінші жағдай, - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Жәмила Өтепова.

Алғашқы зерттеу нәтижесі теріс болды. Ықтимал жағдай анықталған адам Қармақшы ауданының Жосалы аудандық ауруханасында ем қабылдауда. Індетке қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Биыл өңірде КҚГҚ бойынша 117 елді мекен қолайсыз болып анықталды.

Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын 6 сәуірден бастау жоспарланған. Алайда, ауа райының суытуына байланысты залалсыздандыру кейінге шегеріліп, 17 сәуірден басталды.

Бүгінгі күні өңдеу шаралары Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарына ветеринария басқармасы ұсынған препарат қолданылуда.

Жыл басынан бастап энтомолог мамандар тарапынан 9637 дана кене жиналды, оның ішінде елді мекендерден 2192, жануарлардан 734, табиғаттан 6711 кене жиналған. Барлығы 1014 кене сынамасы зерттеліп, оның 13-нен «оң» нәтиже анықталған. Осыған байланысты облыс бойынша кенелердің жұқпалылық пайызы 1,2 %-ды құрайды.

Қолайсыз аймақтардағы залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
22 сәуір 2020 ж. 743 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031