Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенеден келген кеселден бір адам көз жұмды

Кенеден келген кеселден бір адам көз жұмды

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы індетінен 38 жастағы жаңақорғандық азаматша қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызме­тін­де өткен брифингте облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Махамбетова мәлім­деді.
– Биыл осы кезге дейін облыста кене шағуға байланысты 938 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28 процентке төмендеп отыр. Алайда, тіркелгендердің ішінен 9-ы Конго-Қырым безгегіне күдікті деп танылды. Оның ішінде 5-і болжамды, 2-і ықтималды, 2-і нақтыланған болатын. Нақтыланған жағдайдың бірі – осы жаңақорғандық азаматша. Ол кісі 29-шілде күні ауруханаға түсіп, емдеу жұмыстары жүргізілді. Өкінішке орай, дәрігерлік көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қала алмадық, – деді ол.
Кененің көп кездесуі жөнінен аймақта жоғарғы көрсеткішті Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қа­ласы көрсетуде. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша өңірде 2014 жылы – 3, 2015 жылы – 31, 2016 жылы – 19, 2017 жылы 21 жағдай тіркелген. Бүгінгі күні екінші науқастың жағдайы жақсы, дәрігерлік бақылауда. Ал, қайтыс болған азаматшамен байланыста болған жандарға эпидемиологиялық тексерістер жүгізілуде.
05 тамыз 2018 ж. 1 749 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930