Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық көріпкел Қытайдан тараған қауіпті дертке дауа жасай алатынын айтты

Қазақстандық көріпкел Қытайдан тараған қауіпті дертке дауа жасай алатынын айтты

Бүкіл әлем короновирусқа қарсы вакцина таба алмай қиналған тұста Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны Бейне Қаржаубаева оның бетін қайтармақ. Емші "Евразия" арнасына берген сұхбатында жаңа вирусты тылсым күштің әсерімен жоқ қылатынын жеткізді.

15 жылдан бері көріпкелдік және емшілікпен айналысатын 39 жастағы келіншек, өзінің айтуынша, өн-бойына дарыған қасиетті тылсым-күштің әсерімен жүзеге асырады. Әруақтармен тікелей байланысқа шығып, кез-келген нәрсені айна-қатесіз айтып беретін күшке ие екенін жеткізді.

Көпшілікті қызықтырған ем туралы ол:
"Жыланның 1 грамм уына жұмыртқаның екі ақ уызын қосып, сырқат адамның денесіне, тамағына, өкпе тұсы, денесіне күніне екі реттен жағу керек. 1-2 ай бойына осы емді қолдану нәтижесі береді",- деді.
Ал ақысы туралы сұраққа: "Енді, ол жерде қатып қалған баға жоқ. Менікі сауда емес қой. Әрбір келген адам өзі біледі. Мен тек, барынша емдеп, жазып, көмегімді көпшілікке тигізу", – деп жауап берді.

Әзірге, емшінің көмегіне жүгінушілер болмаса да, ықылас танытып, ниет білдіргендерге қл ұшын созуға дайын. Бейне бұл ісін Әрі ем-домының дүниені шулатып жатқан дертке шипа болатынына кәміл сенеді

Көріпкелдің есімі оңтүстік жұртына жақсы таныс. Бір кезде өңірде сәбилер арасындағы ВИЧ дертінің таралуын және қырғыз еліндегі қақтығысты болжаған.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
31 қаңтар 2020 ж. 1 632 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930