Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам баласын жоғалтып алды

Астанада телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам баласын жоғалтып алды

Астанада ер адам телефонмен сөйлесіп тұрып, баласын жоғалтып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше кешкі уақытта болған. Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған бүлдіршінді тауып, ата-анасымен қауыштырды.
Сержант Бақдәулет Маханбетов бастаған, құрамында патрульшілер сержант Азамат Нұрманов, ефрейтор Абай Есенбеков бар әскери жасақ «ЭКСПО» аумағында қызмет атқару барысында жылап тұрған баланы байқайды. Жасы төрттер шамасындағы бүлдіршін жауынгерлер қойған сұрақтарға тіл қатып, ештеңе айта алмайды. Жедел әрекетке көшкен топ баланың туған-туысқандарын іздеуге кіріседі.
Көп ұзамай адасқан баланың әкесі табылған. Белгілі болғандай, ер адам телефонмен сөйлесіп тұрғанда баланы көзден таса қылып алған. Баласын іздегенімен, таба алмаған. Ұландықтар әке мен баланы табыстырып, алғысқа бөленді.
07 ақпан 2018 ж. 1 917 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 124

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031