Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескі үйдегі елес

Ескі үйдегі елес

Қорыққанға қос көрінді ме, әлде, шынымен болып жатыр ма, көзім ескі үйдің терезесіне түсті. Ақ көйлек киген кішкентай қыз маған қарап тұр. Иә, анық көрдім.

Біздің үйге қарама-қарсы тозығы жеткен, адам аяғы баспас өте ескі үй бар болатын. Кеш түсе бастағаннан-ақ түрлі дауыстар естілуші еді. Ауыл бұзықтарының ешбірі де түн бата бұл жерден кесе өтпейтін-ді. Әр нәрсенің өз ақиқаты бар емес пе?! Тұрғындардың ауыздан ауызға тараған тылсым оқиғасы көрші ауылдарға да жетіп үлгерген. Бірі сенсе, енді бірі «жындының сандырағына» балайды. Мен де көрмеген соң, сенбестен мазақ қылып күлетінмін, тек мына жағдай орын алмағанда.
Достарыммен кешкілік серуеннен қайттым. Құлағымда құлаққап. Әуен ырғағымен тербеліп келемін. Әлгі үйдің алдынан өте бергенім сол еді, иығымнан әлдекімнің түртіп қалмасы бар ма! Жалт бұрылып артыма қарасам, адам қарасы көрінбейді. Естіп жүрген тылсым оқиғалар ойыма түсіп, одан бетер үрейім ұшты. Қорыққанға қос көрінді ме, әлде, шынымен болып жатыр ма, көзім ескі үйдің терезесіне түсті. Ақ көйлек киген кішкентай қыз маған қарап тұр. Иә, анық көрдім. Үйіме дейінгі он метр жер құдды километрге айналғандай.

«Бісміллә»-ні қайталай беріп, денем мұздай қатқан күйі әрең жеттім. Түнімен көз ілмей қорқынышты түстер көрумен таңым да атты. Одан кейін бұл жағдай ұмытылып та кеткен болатын. Алайда, бір күні кеш бата терезе перделерін жауып жатқанымда, қарама-қарсы тұрған ескі үйге қарадым. Сондағы ойым әлгі қызды қайта көру еді. Жоқ, көрінбеді. Пердені жаба бергенім сол еді, жас қыздың шыңғырған дауысы естілді. Жалма-жан терезеге қайта қарағанымда бұл жолы басқа көрініске тап болдым.
Ер кісінің қызды мойнынан қысып тұншықтырып жатқанын терезесінен анық көрдім. Төбемнен біреу суық суды құйып жібергендей орнымнан қозғала алар емеспін. Әлгі кісі маған да келердей, бойымды үрей билеп барады. Барынша ойламауға тырыстым. Себебі біздің әлеммен қатар тылсым дүниенің де өмір сүретініне көзім жетті.

Одан кейін көршілер жиналып, үйге молдаларды шақырып, мал сойып, құран бағыштады. Түрлі дауыстар, көріністер сейілгендей болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын психикалық ауытқуы бар жігіт өз қарындасын тұншықтырып өлтірген. Одан кейін өзі де дарға асылып қайтыс болды. Мүмкін жетім қалған ағалы-қарындастының жаны жай тауып, екінші өмірге аттанған болар. Кім білсін...

25 тамыз 2019 ж. 2 613 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930