Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық полицейлер үй тонаған ұрыларды ұстады

Қызылордалық полицейлер үй тонаған ұрыларды ұстады

Қызылорда қаласының екі тұрғыны сот шешімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Биыл қаңтарда қала тұрғыны полицияға белгісіз біреулер үйінің қонақ бөлмесінің терезесі арқылы кіріп, ішіндегі 1.450.000 теңге ақшасы мен алтын, күміс бұйымдар салынған сейфті жасырын ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлайды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 1 675.000 теңге.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде екі қала тұрғыны ұсталды.
Сонымен қатар, тергеу барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің, олардың біріккен жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдіктілердің қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптамалармен, зерттеу қорытындыларымен толық дәлелденді. Нәтижесінде қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.  
Сот процесінде күдіктілер өздері жасаған қылмыстық іс әрекеттерін толық мойындап,  келтірілген шығынды жәбірленушіге толығымен өндірді.
10 маусым 2019 ж. 1 332 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930