Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңкеде жұмыс бар

Жәрмеңкеде жұмыс бар

Өткен аптада Қазалы ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Әйтеке би кенттік клубындағы шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байходжаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаев сөз сөйлеп ашып, мән-маңызына тоқталды.
Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мем­лекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 60-ға жуық бос жұмыс орындары жұртшылыққа ұсынылды. Олардың қатарында “Сыр маржаны” ЖШС, “РЗА” АҚ , “Даму”, тағы басқа да жұмыс берушілер бар.
Аудандағы дербес бөлім өкілдері, Жұмыспен қамту орталығының мамандары халыққа өздерінің кеңестерін ұсынды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келген көпшілікке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндірілді.

Жеңісбек АЙТУҒАН
21 мамыр 2019 ж. 1 787 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 156

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031