Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді

Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді

Алдағы үш күнде үш мегаполисте ауа райы құбылмалы болады
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
Фото: istockphoto.com
Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы құбылмалы болады. Елордада қар жауып, көктайғақ күтілсе, Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Ал Шымкентте күндіз ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
Астана
25 қарашада елордада күн құбылмалы болады. Түнде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2...0, күндіз +3...+5 градус болады.
26 қарашада күн құбылмалы болып, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы -1...+1, күндіз +6...+8 градус болады.
27 қарашада күн бұлтты болады. Кей уақытта, негізінен, қар жауып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде кей уақытта желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз -2...0 градус шамасында болады.
Алматы
25 қарашада Алматыда күн құбылмалы болады. Түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, түнде екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +13...+15 градус болады.
26 қарашада күн құбылмалы болып, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +7...+9, күндіз +18...+20 градус болады.
27 қарашада күн құбылмалы болып, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +6...+8 градус болады.
Шымкент
25 қарашада Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Ауа температурасы түнде +6...+8, күндіз +18...+20 градусқа дейін көтеріледі.
26 қарашада күн құбылмалы болып, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +11...+13, күндіз +23...+25 градус болады.
27 қарашада түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, түнде екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +8...+10 градус болады.



25 қараша 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30