Жаңбыр, қар және көктайғақ: 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Мамандардың мәліметінше, циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Фото: Pixabay"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 25 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мамандардың мәліметінше, циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Бұдан бөлек, республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел де күшейеді."Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Ал батыста, солтүстік-батыста және шығыста жауын-шашын мол түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.











