Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мың теңге жәрдемақы алатын отбасылар үй-күйі жоқ адамдарға арналған орталықтарға тіркелуге міндеттелді

21 мың теңге жәрдемақы алатын отбасылар үй-күйі жоқ адамдарға арналған орталықтарға тіркелуге міндеттелді

Президент айтқан 21 мың теңге жәрдемақыны алушы аз қамтылған отбасылар үй-күйі жоқ отбасылар жататын оңалту орталықтарына тіркелуі тиіс.

Қазақстан үкіметі Нұр-Сұлтан секілді ірі қалалардағы тұрақты тіркеу мәселесін осылай шешпек, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеген Stan.kz.

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді. Айтпақшы атаулы көмек алу үшін отбасы кірісін есептеуге қатысты азаматтардың айтқан ұсыныстары ескерілмепті.

21 мың теңгені есептеу кезінде зейнетақыны, мал мен бау-бақшаны есепке алу мәселесі қарапайым азаматтардан бастап депутаттарға дейін толғандырған еді. Бірақ жаңа заңда ескерусіз қалды.

"Елбасы бұл көмектің кезең-кезеңімен жүзеге асатынын айтқан болатын. Сондықтан зейнетақы мәселесі келесі кезеңдерде қаралатын болады", - деді Сапарбаев.

Тағы бір мәселе - тұрақты тіркеу жайы. Министрлік бұл мәселені де шешкен.

"Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тұратын адамдар қаладағы оңалту орталықтарына тіркелу керек", - дейді Сапарбаев.

Оңалту орталығы дегеніміз - үй-күйі жоқ адамдарды орналастыратын орын.
10 сәуір 2019 ж. 1 168 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 38

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 29

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 26

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930