Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланың басынан сипама

Баланың басынан сипама

Кез келген ұлттың ұрпақ тәрбиелеудегі ерекшеліктері сол халықтың мәдени құндылықтарын қалыптастырады. Қазақ халқы да болашағына байыппен бағдар жасап, балаларының өнегесіне ертеден ерекше назар аударған. Олардың қатарында ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-сана, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігінен терең көрініс тапқан ырым-тыйымдар бар. Тұрмыс салтынан дерек беретін мұндай танымдардың өз орны, жұмсалу кезеңі болады. Соның бірі – ер баланың басынан симамайтын үрдісі кім-кімді де қызықтырмай қоймайды.

Байыптап бақсақ, ол да жөн, тәрбиелік маңызға ие ұғым.

Дәстүрімізде қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамай, арқасынан қаққан. Бұл туралы қазақтың қаһарман батыры, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлы айтып кеткен. «Баланың басынан сипау оны аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Шаңырақтың иесі, ұрпақ жалғасына саналатын азаматтардың ынжық болғанын жөн санамаған. Ал арқасынан қағу – ер баланы батылдандырып, жігерлендіреді.

Керісінше қазақ қыз баланың басын сипаған. Бұл жат жұрттық санаған нәзік жандының бағы үйде емес, түзде деген ұғыммен астасса керек-ті. Әдетте қыз басқа босағаны аттап, өзге үйдің түтінін түтетіп, ұрпағын өрбітеді.

Қыз баланы басынан сипағанда, басы еріксіз еңіс тартады. Көз жанары төмен түсіп, жасырынады. Өзгелердің бетіне бажырая қарау әдетінен арылып, қызға лайық биязы мінез қалыптасады. Арқадан қағу мен бастан сипаудың осындай тағылымды астары, тәрбиелік мәні бар екен.

«Ақылы асқан ағаның, етегін баспа, жолын қу, боламын деген баланың, бетінен қақпа, белін бу» деген халық тәмсілінің тегі де осында жатса керек-ті. Маңдайынан сипамай, белін буып, ертеңге ұмтылдыру қашан да жас өскінді жарқын жолға жетелейді. Ендеше, қызымыз қылықты, ұлымыз ұлықты болсын десек, бүгініне бейжай қарамағанымыз жөн.

Айару ЕРКІН
12 наурыз 2019 ж. 2 825 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930