Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлердің саны артуы мүмкін

Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлердің саны артуы мүмкін

Көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы пәтерлердің саны артуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Брифингте «Астана» телеарнасының журналисі елордада болған қайғылы оқиғаға қатысты сұрақ қойды.

«Бес баланың өмірін жалмаған өрттің себебі неде? Жеке пікіріңізді білдірсеңіз», - деді ол.

Министр аталған сауалға толық жауап берген жоқ. Алайда ол алдағы уақытта үкімет көпбалалы отбасылар үшін жалдамалы пәтерлерді көптеп салу мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.

«Өте қиын сұрақ. «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Осындай отбасыларға (көпбалалы – автор) көмек беріп, көпбалалы отбасыларға аталған бағдарлама арқылы пәтер беру керек. Сондықтан биыл аренда арқылы беретін пәтерлерді салу үшін қаржының көлемін арттырып жатырмыз. Бұрын осы салаға 25 млрд теңге болса, биыл әкімдіктерге 35 млрд теңге бөлінбек. Нәтижесінде жалға берілетін 4 мың пәтер салынады. Оның ішінде осындай отбасылар да (көпбалалы – автор) бар», - деді Жеңіс Қасымбек.

Осы орайда ведомство басшысы әкімшіліктермен ақылдасып, көп балалы отбасыларға берілетін пәтерлердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

«Бүгін сағат 12-де Ерболат Досаев мырзамен (ҚР премьер-мининстрінің орынбасары – автор) аталған мәселеге қатысты үлкен жиналыс өтеді. Біз осындай отбасыларға (көпбалалы – автор) қосымша пәтер салу үшін қаражат іздеп жатырмыз. Осындай жылына 700 пәтер салынатын болса, олардың санын 2-3 есе көбейту керек. Мұндай ұсыныс біздің министрліктен болады», - деді министр.

Сөз соңында Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» бағдарламасына да өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтып қалды.

«Нұрлы жер» бағдарламасына арнайы тарауды енгізіду қарастырып отырмыз. Бұл тек қана осындай отбасыларға (көпбалалы – автор) көмек беру үшін жасалады. Үкіметке осындай жұмыстар жасаймыз», - деді ол.

Айта кетейік, кеше ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 5 баланың өмірін жалмаған өрттің неден шыққанын, Елбасы мен Үкімет басшысы 5 баласынан айырылған отбасыға көңіл айтқанын жазғанбыз.
06 ақпан 2019 ж. 1 344 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031