Қазалыдағы ерекше құттықтау
1 қазан – қарттар күніне орай Қуаныш Көмекбаев басшылық жасайтын Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 6 «А » сынып оқушылары ерекше құттықтаулар әзірледі.
Мереке қарсаңында оқушылар қарттар мерекесіне арналған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді аялдамаларға ілді. Осынау ізгілікті іс көлік күтіп тұрған жолаушылардың есіне қарияларымыздың амандығы қоғам үшін шынайы бақыт екенін еске салғандай. Оған қоса балғын шәкірттер өздері көшеде кездескен ақ жаулықты аналарымыз бен аталарымызға ерекше ілтипатпен құттықтауларын жолдады. Сыныптың 23 оқушысы түгелдей құттықтаудың қызықты әсеріне бөленсе, қарттар да ризашылықтарын жаудырды.
«Ата-әжесі бар үйдің перзенттері өзге балалардан ерекше болатыны белгілі. Мен сынып жетекшілік ететін 6 «А» сынып оқушылары да ата-әжелерінің жылылығы мен ұлттық дәстүрін меңгеріп жатқан жас буын өкілдері. Бала жүрегінде қарттардың қуаныштә сәтіне ортақ болып, бірге суретке түсуі, ата-әжелердің ақ баталары оқушыларымның көңіліне шуақ құйцғандай сезіндімсезінулеріне септігі тиді деп есептеймін .Шәкірттеріммен бірге мен де бүгінгі күнімнің қызықты әрі есте қаларлық болғанына қуандым» дейді Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 6 «А» сынып жетекшісі Мирамкүл Жөлекеш.