Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғи өсім кеміген

Табиғи өсім кеміген

Сыр өңірінің демографиялық дамуы төмендеп келеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова БАҚ өкілдеріне берген брифингте мәлімдеді.

- 2013-2017 жылдары туу көрсеткіші 26,83-тен 24,5-ке дейін азайып, халықтың табиғи өсімі 9,3 пайызға кеміген. Республика бойынша да туу көрсеткішінің төмендеу тенденциясы байқалады. Салаға заманауи технологияларды енгізуге, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, профилактикаға, науқастарды диагностикалау мен емдеуге қаржыландыру көлемі ұлғайды. Ол соңғы 5 жылда 39,8 пайызға артты, - деді басқарма басшысы.

Облыс медицинасының даму қарқынын атқарылған жұмыстар мен шешілген мәселелерге қарап аңдауға болады. Айталық, соңғы 2 жылда 25 медициналық нысан қолданысқа беріліп, жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетуді бастап кетті. Олар – 200 төсек орындық облыстық балалар ауруханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, 250 келушіге арналған типтік үлгідегі Жаңақорған аудандық емханасы, 14 дәрігерлік амбулаториясы, 11 медициналық бекеті.

Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға соңғы 5 жыл ішінде 8 миллиард теңгеге жуық қаражатқа медициналық құрал-жабдық сатып алынып, нәтижесінде материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіші 34,9 пайызға артыпты.

Былтырғы жүйелі жұмыстар денсаулық сақтау саласында жоғары нәтижеге қол жеткізуге серпін болды. Облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 1,9 жасқа өскен. Өлім-жітім көрсеткіші 1000 халыққа шаққанда 1,8 пайызға төмендеді. Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 0,9 пайызға азайған. Ал қатерлі ісікті ерте 1 сатысында анықтау көрсеткіші 15 пайызға көбейіп отыр. Облыстың бас дәрігері осы ретте науқастарға профилактикалық жұмыстардың дер кезінде жасалып отырғанын, мамандар тарапынан сапалы қызмет көрсетіліп жүргенін айтты. Басқарма басшысының сөзінше, бүгінде аурудың осы сатысы бойынша облыс көлемінде 4600 науқас тіркеуде тұр. Биыл 1121-і тіркелген. Десе де, сырқаттанған кісілердің емі үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Онкологиялық орталықта диагностикалық палаталар ашылып, телемедицина өркен жаюда.

Мамандар тапшылығы облыс медицинасындағы өзекті мәселелердің қатарында тұр. Түйткілдің түйінін шешу осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алыныпты. 2016 жылдан бастап облыс әкімінің гранты негізінде 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орындарында даярлануда.

Ж.Қойшыбекова


22 қаңтар 2019 ж. 1 571 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930