Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары ең көп ұйықтайды

Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары ең көп ұйықтайды

Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитет мынадай қызықты дерек келтіріп отыр: Жамбыл облысының тұрғындары еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарына қарағанда ұйқыға көбірек уақыт "бөледі". Дәлірегі, аталмыш облыс тұрғындары орташа есеппен 9 сағат 48 минут ұйықтайды.

Ал ең аз ұйықтайтындар Түркістан облысының тұрғындары болып шықты - 8 сағат 42 минут. Сондай-ақ, статистикалық комитет еліміздегі әйелдердің дені үй шаруашылығына (ас пісіру, кір жуу, ыдыс-аяқ жуу, үй жинау, т.б.) қанша уақытын жұмсайтынын да жария етіпті. Орташа есеппен алғанда - 4 сағат 48 минут.

Ал еліміздегі 10-14 жас аралығындағы балалар білім алуға орташа есеппен шамамен 4 сағат 36 минутын жұмсайды екен. Ер-азаматтар арасында Солтүстік Қазақстан облысындағы ерлердің бос уақыты көп болып шықты - 5 сағат 44 минут. Ал Жамбыл облысының ер-азаматтарының бос уақыты - 3 сағат 58 минут.

Аталмыш статистикалық комитет мұндай мәліметті неге сүйеніп немесе қандай дереккөзінен алғанын мәлім етпеді.
18 желтоқсан 2018 ж. 1 412 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031