Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы Отан соғысы ардагерін іздестіреміз

Ұлы Отан соғысы ардагерін іздестіреміз

    Ресей Федерациясының Ростов облысы, Сальский ауданының В.В. Шевцов есімді азаматы ағасы кіші сержант Шевцов Александр Васильевичпен бірге ҰОС жылдары майданда ерлік көрсеткен жауынгер досы ұлты қазақ 1923 жылы туған әскери шені сержант Нузапар Калиевтің туыстарын іздестіреді.
  Жолданған хат негізінде Нузапар Калиев 574 атқыштар дивизиясында мерген болған. 1942 жылы 11 қазанда 7 немісті, қарашада 33 немісті, желтоқсанда  20 немістің көзін жойған.  
  Командирі И.Д.Черняховский  жауынгерлік ерлігі үшін Н.Қалиевке сағат сыйлаған.
  Соғыс жылдары жауынгерлерге арналған «За честь Родины» журналдың 574 бетінде былай деп  жазылған:
  «Снайпер тов. Калиев казах по национальности занял позицию в стрелковой ячейке на правом фланге роты. Среди соседних стрелковых ячеек она ничем  не выделялась,  но имела  две амбразуры в секторе наблюдения, а впереди ровную местность. Отсюда хорошо была видна траншея, по  которой часто проходили немцы. Держа винтовку на постоянном прицеле тов. Калиев быстро брал немцев на мушку и за неделю уничтожил 10 гитлеровцев». За плечами у Героя -снайперская винтовка  СВТ-40. Прицельная дальность стрельбы-1500 метров.  
  Отандастарымыздың арасында мергендігімен көзге түскен ҰОС ардагері Н.Қалиевтің туысқандары табылып жатқан жағдайда мына төмендегі мекенжайға хабарласуларыңызды сұраймыз.
  Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті З. Шүкіров көшесі  101 үй. Байланыс телефоны  //8(7242)24-42-66//  Тәрбие, идеологиялық және әскери -патриоттық жұмыстар басқармасы.

Қызылорда облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаменті
08 желтоқсан 2018 ж. 1 468 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 142

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031