Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 панфиловшылардың ерліктері туралы жаңа дәлелдер табылды

28 панфиловшылардың ерліктері туралы жаңа дәлелдер табылды

Ресей Федерациясының мәдениет министрінің айтуынша, аңызға айналған шайқас туралы құжаттардың «Смерш» атты құпия таңбаның ішінде бар көрінеді. Оның ішіндегі жасырын ақпараттар 2018 жылдың күзінде анықталған.

Архивтік құжаттарда генерал-майор Иван Панфиловтың жауынгерлерінің аңызға айналған ондаған фашистік танкілерге қарсы шайқасы туралы шындық жазылған.

«2018 жылдың күзінде 1942-1944 жылғы «Смерш» таңбасының кұпия кұжаттары жарияланып, 28 панфиловшылардың шайқасы болғандығы туралы 3 дәлел анықталған. Сонымен қатар, шайқастың жаңа екі сипаттамасы, аңыз айқас туралы көптеген нақты ақпараттар анықталған», – деп жазады РФ мәдениет министрі.

Жария болған құжаттардың ішінде – 1075-ші гвардиялық атқыштар полкының әскери командирі Ахмеджан Мұхамедияровтың айғақтары бар.

Оның айтуынша, вермахт әскері 4-ші атқыштар ротасының взводы орналасқан ауданға шынымен шабуыл жасаған. Оның жетекшісі Василий Клочков екені жазылған. Әскери командир екі пойызбен 50 немістің танкісіне қарсы жүргендерін айтқан.

«Шайқас 4-5 сағатқа созылған. Қаһармандар танкілерді жақындаған кезде қол гранаталарымен, жанғыш бөтелкелермен жаулардың 18 танкісін жойған», – деп айтылған Мұхамедияровтың айғақтарында.
05 желтоқсан 2018 ж. 1 287 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930