Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, аяз болады.

Солтүстік және шығыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте, шығыста жел болады. Еліміздің кей жерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын жүреді.

Aлматы облысының түнде кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Aқмола, Aтырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Павлодар, Маңғыстау облыстарының түнде кей жерінде тұман түседі.


04 желтоқсан 2018 ж. 1 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31