Қылмыстық іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды
Қазалы аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды.
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. салмағы 0,66 грамм құрайтын есірткі заты - кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп сақтаған.
Сотталушы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелеріне дау айтпаған, өз әрекеттерінің саралануына келіскен, және ол Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 629-1 бабы 1- бөлігіне сәйкес істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдеген.
ҚР ҚПК-нің 629-4 бабы 1-бөлігі тәртібінде судья іс сотқа бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен бірге келіп түскен кезден бастап үш тәулікке дейінгі мерзімде істі ұсынылған материалдар негізінде, сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарады.
Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есптік көрсеткіш мөлшерінде 24 050 тенге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі