Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды еңбек биржасы тиімді ме?

Электронды еңбек биржасы тиімді ме?

Электронды еңбек биржасының енгізілуі жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты біршама жеңілдете түсті. Бұл туралы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омаров  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электронды еңбек биржасы енгізілгеннен жұмыс берушілермен өзара іс-қимылымыз біршама жеңілдей түсті. Тіпті, жұмыс берушілердің саны үш есеге артып отыр. Мәселен, өткен жылы бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін 1 200 жұмыс беруші болса, ағымдағы жылы олардың саны 3 600-ге жетіп отыр», - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Олжас Омаров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс берушілер Жұмыспен қамту орталықтарының көмегінсіз-ақ enbek.kz порталына кіру арқылы өзіне қажетті кадрды таңдай алады. Ал жұмыс іздеушілер порталға тегін тіркеледі. Сайттан еліміздің кез келген өңіріндегі, қаласындағы бос жұмыс орнын көруге болады. Жалпы, бұрынырақ айлап іздейтін жұмыс орнын қазіргі уақытта екі аптаның ішінде табуға мол мүмкіншілік ашылып отыр. Олжас Омаровтың айтуынша, туралы Халықты жұмыспен қамту орталығында мамандарды дайындау, қайта дайындауға арналған қысқа мерзімді курстар да бар. онда жұмыссыз тегін білім алады. сонымен қатар оларға 16 мың теңге көлемінде шәкіртақы да төленеді.

«Ағымдағы жылы кассир, аспаз, тігінші, газ-электр дінекерлеуші, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі, ІТ-маманы сынды түрлі мамандықтар бойынша 700 адамды қысқа мерзімді курста оқыттық. Оқыту оқу орындарында, колледждерде өтеді. Түлектерді қолдауға арналған жастар тәжірибесі де бар. Оның аясында мемлекет есебінен 6 ай жалақы төлейміз. Ағымдағы жылы айына 65 мың теңгеден төленеді», - деді ол.

Мұнан бөлек, орталықтың ұзақмерзімді курсы да бар. Оны бітіргендерге жеке кәсібін ашып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 240 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі.

26 қараша 2018 ж. 1 326 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 48

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 82

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 133

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031