Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2 млн адам аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді

Қазақстанда 2 млн адам аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді

Қазақстандықтар өздерінің 23,5% (1,9 млн адам) аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейтінін айтты. Сонымен бірге, респонденттердің 69,3% бұл жұмыс берушінің талабы екенін көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz aқпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.
Тағы 19,2% адам саналы түрде табыс табу үшін келісетінін, ал 7,4% өндірістік қажеттілікке байланысты екенін мойындады.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша ел экономикасының әртүрлі саласында 8,6 млн адам жұмыспен қамтылған (халықтың 66,4%-ы 15 жастан асқандар).
Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі ерлер 52% (4,5 млн адам), қалған 48% (4,1 млн адам) – әйелдер. 6,4 млн адам – (қызметкерлердің жалпы санының 74,6%) жалдамалы жұмысшы және өз бетінше жұмыспен айналысатындар – 2,2 млн адам (25,4%).
Жұмыспен қамтылғандардың 10,7% қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтінін атап өтті (2016 жылы 12,6%), олардың 10,8%-ы қолайсыз температуралық жағдайларда еңбек етеді. Ал, 9,3% қауіпті механизмдермен, 21,9% адам көшеде жұмыс істейді. Сондай-ақ, 26,5%-ының ауыр физикалық жұмыспен айналысатыны белгілі болды.
Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының 18% өз жұмысын үй шаруашылығымен қоса алып жүру қиын екенін айтты.
14 ақпан 2018 ж. 1 428 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 153

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 229

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031