Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыссыз қоғам – кемел келешек кепілі

Қылмыссыз қоғам – кемел келешек кепілі

Тәуелсіз еліміздің негізгі бағыты­ның бірі – зорлық-зомбылықсыз қоғам құру екені көпшілікке мәлім. Біз өмір сүріп отырған орта үшін ең бастысы – адам басының бостандығы мен уайым қайғысыз өмір сүруі екені Ата заңымызда да айқын жазылған.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы мерейлі міндеттің бірі – адам құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу болып табылады.
Өкінішке орай, әлемдегі көптеген отбасылардағы кикілжіңдер мен түсін­бестіктің салдарынан мыңдаған әйелдер мен балалар зұлымдықтың құрбаны болып отырған жайы бар. Соның кесірі жасөспірімдердің денелік және психологиялық жарақат алуымен қатар, денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін үлкен кедергілер болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты қиянаттың алдын алуға бағытталған түрлі шараларды жүргізу аса қажет.
Мәліметтерге сүйенсек, біздің елі­мізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы өз жұмысын жасайды. Әйелдер мен балаларға арнал­ған қасіреттің мәселесін түзеу ел азаматтарының назарында тұр десек артық айтқандық емес.
Осы орайда, «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен қоғам болып арылуымыз керек. Мұндай өрескел олқылықтар адамды өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелейтінін де жоққа шығаруға болмайды.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-анасының ұрысын көріп өскен баланың бойында да белгілі бір зұлымдық қалыптасып, есейе келе солардың үлгісін алуы да бек мүмкін.
Сондықтан да тәуелсіз қазақ мемле­кетінің болашағы жарқын болуы үшін барлығымыз зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз шарт.
Шакизада ЖАҢАБАЕВА,
№134 мектептің әлеуметтік-педагогы
13 қараша 2018 ж. 5 067 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 127

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 114

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30