Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексен мың сәбидің обалы кімге?

Сексен мың сәбидің обалы кімге?

Ертеректегі сақ қоғамында екі нәрсенің айрықша қадірі болыпты-мыс. Біріншісі – ата баба зираты болса, екіншісі – қыз баласына деген құрмет екен. Ата-баба зиратын қастерлеу түсінікті. Ақыл-есі дұрыс пенде қаршадайынан бойына әке-шешесіне деген сүйіспеншілікті сіңіріп, оларды ерекше жақсы көріп өсетіндігі айқын. Ел басына күн туған кезде де ата-бабасының зиратынан алысқа кете алмай жау қолына түскен жандар туралы естіп өстік. Кейін кітаптардан да біршама оқыдық.
Ал, қыз баласына деген құрметті бағзыдағы сақ бабаларымызда «Әйел – болашақтың бастауы, бүгін қызымызды қалай қастерлеп-құрметтесек, ертеңгі буын ұрпағымызда елін-жерін жаудан қорғайтын жаужүрек азамат болады» деген ұғым қалыптасқан.
Жастайымыздан «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз баланың орны төрде» деген нақыл сөздер құлағымыз шалды. Өсе келе соны терең түсінетіндей жағдайға жеттік. Әрбір қазақ қоғамындағы шаңырақ басында осы әңгімелер айтылды деген ойдамыз.
Бірақ, замана жүгені ата-анаға ырық бермейтін де байқап келеміз. Кез келген адам рухани тұрғыда жұтаңдаған сайын, ар алдындағы кінә мен күнәға шым бататыны белгілі. Сол сияқты компастың тіліндей құбылып тұрған уақытта бойжеткендеріміздің де тәрбиесіне мән бермей қалып жатқан сияқтымыз.
Кейбір ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда 80 мың жасанды түсік жасалады екен. Бұл дегеніміз жыл сайын біздің Қазалы ауданының халқының санына тең ұрпақ жарық дүниенің жұпар ауасын жұтпай кетеді дегенмен тең. Сонымен қатар, жасырын, заңсыз жолмен, арнайы білімі мен лицензиясы жоқ мамандардың қолымен іске асатыны қаншама? Ол тек жай ғана аборт емес, ананың денсаулығы мен баланың өміріне балта шабу. Тіпті ұлтқа жасалып отырған қастандықпен тең.
Ресми статистикаға қарағанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 4 миллионға жуық жасанды түсік жасалған. Бұл – Қазақстандағы қазақтың үштен біріне тең сан. Өкініштісі, осы түсіктердің тек үш, төрт-ақ пайызы ана өміріне қауіп төнгеннен кейін, медициналық нұсқаумен орындалған. Қалғаны жүктілікті қасақана тоқтату.
Қыз тағдыры – әйел тағдыры, ана тағдыры. Ана тағдыры – бүкіл адамзаттың тағдыры. Ұрпақ жалғастырып отырған әйел затының денсаулығы қоғам үшін маңызды. Саналы ұрпақ қашан да керек. Қазақстанда 400 000 ана баласын жалғыз өзі бағып, тәрбиелеп отыр деген мәлімет бар. Алдын алу шаралары болмаса бұл сандар ғана емес, жоғарыда келтірген мәліметтер тек өсе бермек.
Сарапшылардың талдауына сенсек, ойнаймын деп от басып қалатын қыздардың негізгі жасы 14-21 жас аралығында екен. Мектеп табалдырығынан ата-анасы жүк көтертпей жүкті болып қалатын қыздарға үлкендердің ақыл-кеңесі аз айтылып жатқандай. Арман қуып алыс қалаға студент болып баратындардың жөні тіптен басқа. Ығы-жығы, ойын-күлкіге толы қатыгез қаланың түнгі клубы мен иненің көзінен өтетін сері жігіттері аузы аңқиған ауылдың қыздарын әп-сәтте қақпанға түсіруі де осындай келеңсіз жайттарға орын бермек.
Керемет көлік пен әдемі сөзге, таңғажайып өмірге алданатын арулардың да саны молынан.
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген бабалар сөзі бар. Сондықтан бір қолымен бесікті, екіншісімен әлемді тербететін аналарымыз көп болсын десек, қыз балалардың қылығына жете мән берейік. «Әкеде сес болмаса, қызда ес болмайды» деген осы мәселеге сай айтылғандай. Жыл сайын жарық дүниеге келмей қалатын 80 мың баланың обалы кімге болмақ? Оның ішінде небір керемет данышпан ғалымдар мен саңлақ спортшылар кетпек?! Ойланайық. Ой қосайық.
Есет ТАБЫНБАЕВ.
09 қаңтар 2018 ж. 1 925 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 66

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930